Оңтүстік Кореяда болған жарылыстан жапа шеккендердің арасында отандастарымыз бар ма?
Мамандардың айтуынша, бір адам із-түзсіз жоғалды.Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда болған жарылыстан зардап шеккендердің арасында отандастарымыздың бар-жоғын анықтайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Өйткені, литий батареялары сақталған қоймадағы өрт кезінде қаза болған кейбір азаматтың кім екені белгісіз.
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, әзірге 18 қытай азаматы, бір Лаос және екі Оңтүстік Корея азаматының мәйіті табылған.
Мамандардың айтуынша, бір адам із-түзсіз жоғалды. Бұдан бөлек қайтыс болғандардың тізімі әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені, күнделікті жұмысқа шығатын қызметкерлердің тізімі жойылып кеткен.
Айта кетейік, Хвансон қаласында 35 мың литий батареясы сақталған қоймада жарылыс болып, кейін алапат өртке ұласқан. Бұл уақытта зауытта 100-ге жуық адам болған.