Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль кепілге босатылу туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды Yonhap.

20 қыркүйекте Сеулдің орталық аудандық сотына жолданған өтінішінде экс-президент өзінің қорғау стратегиясын дайындау және денсаулық жағдайына байланысты бостандыққа шығаруды сұраған. Әзірге кепілге босату туралы тыңдау күні белгіленген жоқ.

Юн Сок Ёль 2024 жылғы желтоқсанда "Солтүстік Кореяға қарсы мемлекетке қарсы күштерді жою" үшін әскери жағдай енгізбек болғаннан кейін саяси дағдарысқа ұшырап, биліктен шеттетілген. Желтоқсан айының ортасында Ұлттық жиналыс оған импичмент жариялады. Қаңтар айында бірнеше рет жауап беруден бас тартқан соң, ол қамауға алынды, бірақ наурызда босатылған еді. 10 шілдеде ол қайтадан қамауға алынды.

Сонымен қатар тамыз айында прокуратура Юн Сок Ёльдің жары Ким Гон Хиге пара алу, акцияларға алаяқтық жасады және депутаттыққа үміткерлерді іріктеуге араласты деген айыптар тақты.