Бұл апталықта түрлі атаулармен іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықтың маңыздылығын аша түскендей. Сондай іс-шараның бірі – "Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол" атаумен өтуде. 
Осы атаумен өткізіліп жатқан іс-шара бойынша Д. Қонаев мұражайының ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға қаланың белсенді жастары, студенттер және Тұран ауданының тұрғындары атсалысып, 80-ге жуық астам адам қатысты. Қала жастары мұражай аумағын қоқыстан тазартып, шөптерін орумен, мұражай ішінде шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысты.

Жастар тек қана тазалық жұмыстарын жүргізіп қойған жоқ, сонымен бірге Д. Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы пайдалы ақпараттар да алды.