Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, елдердің өмір сүру құны рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 91-орында болды. Елдің индексі – 25,4. Бұл индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағалайды, деп хабарлады finprom.kz.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат елдердің бірі: Армениядан кейінгі екінші орында тұр. Беларусь – 98, Молдова – 101, Ресей – 110, Қырғызстан – 111, Украина – 114, Әзербайжан – 119, Өзбекстан – 125 орында.

2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы – 0,6%, жыл басынан бері – 5,8% және бір жылда 14% өсті. Биыл қаңтар-шілде айларында бағаның өсуі 2022 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 17,2% болды. Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, баға азық-түлік тауарлары – 19%, азық-түлік емес тауарлар – 17,8%, ақылы қызметтер – 13,9% қымбаттады.


Оқи отырыңыз: "Ел азаматтары 39 елге ғана визасыз бара алады". Қазақстан паспортының беделі қандай?