Olx сайтынан есірткі курьерін жалдау туралы 4300-ден астам хабарландыру жойылған
Қазақстан есірткі саудасының үштен бірі интернет арқылы жүзеге асырылады.Қазақстанда жыл басынан бері есірткіге қатысты 20 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелсе, 549 есірткі өткізу жағдайына жол берілмеген. Олардың үштен бірінде қылмыскерлер интернет желісі арқылы әрекет жасаған.
Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Қазақстанда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қалай іске асырылып жатқанын баяндады.
Оның сөзінше, соңғы уақытта Қазақстанда синтетикалық есірткіні жеткізумен және сатумен айналысатын алты ұйымдасқан қылмыстық топ жойылған. Оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін 11 қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: "Үш айда 225 келі синтетика тәркіленді": ІІМ есірткі саудасымен қалай күресіп жатыр
20 нарколаборатория анықталса, оның 8-і синтетикалық есірткі өндірісі бойынша және 12-сі фотолаборатория бойынша. 129 кг есірткі және 390 литр прекурсорлар тәркіленді.
"Өткен жылы Olx Group өкілдігімен тікелей өзара іс-қимыл ұйымдастырылып және курьерлік жұмыс түріндегі "кепілгерлерді" жалдау бойынша 4300-ден астам хабарландыру жойылды. Ол үшін мемлекеттік органдар өкілдерінің, Olx және еріктілердің қатысуымен чат құрылып, ол заңсыз жарнаманы 5 минут ішінде жоюға мүмкіндік береді", – деді Тамара Дүйсенова.