Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға берілетін сыйақы сомасын айқындайтын бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жүлдегері:

  • 1-орын: 250 мың доллар (жаттықтырушысы да 250 мың доллар);
  • 2-орын: 150 мың доллар (жаттықтырушысы да 150 мың доллар);
  • 3-орын: 75 мың доллар (жаттықтырушысы да 75 мың доллар);
  • 4-орын: 30 мың доллар (жаттықтырушысы да 30 мың доллар);
  • 5-орын: 10 мың доллар (жаттықтырушысы да 10 мың доллар);
  • 6-орын: 5 мың доллар (жаттықтырушысы да 5 мың доллар).

Әлем чемпионаты (ересектер арасында): олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша:

  • 1-орын: 15 мың доллар (жаттықтырушысы 10 мың доллар);
  • 2-орын: 7 мың доллар (жаттықтырушысы 50 мың доллар);
  • 3-орын: 5 мың доллар (жаттықтырушысы 3 мың доллар).

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша кемiнде 20 елдің (спорттық пәні немесе әрбiр салмақ санаты бойынша) өкiлдерi қатысқан жағдайда:

  • 1-орын: 2300 доллар (жаттықтырушысы да 2300 доллар);
  • 2-орын: 1800 доллар (жаттықтырушысы да 1800 доллар);
  • 3-орын: 1100 доллар (жаттықтырушысы да 1100 доллар).

Оқи отырыңыз: "Психологиялық дайындықтың маңызын әлі түсінбей келеді". Спорт дәрігері Олимпиада спортшыларының ойыны туралы


Жазғы, қысқы Азия ойындары, Азия Паралимпиадалық ойындары:

  • 1-орын: 10 мың доллар (жаттықтырушысы 5 мың доллар);
  • 2-орын: 5 мың доллар (жаттықтырушысы 3 мың доллар);
  • 3-орын: 3 мың доллар (жаттықтырушысы 2 мың доллар).

Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада:

  • 1-орын: 15 мың доллар (жаттықтырушысы да 15 мың доллар);
  • 2-орын: 10 мың доллар (жаттықтырушысы да 10 мың доллар);
  • 3-орын: 5 мың доллар (жаттықтырушысы да 5 мың доллар).

Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары:

  • 1-орын: 10 мың доллар (жаттықтырушысы 5 мың доллар);
  • 2-орын: 5 мың доллар (жаттықтырушысы 3 мың доллар);
  • 3-орын: 3 мың доллар (жаттықтырушысы 2 мың доллар).

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты:

  • 1-орын: 2300 доллар (жаттықтырушысы да 2300 доллар);
  • 2-орын: 1400 доллар (жаттықтырушысы да 1400 доллар);
  • 3-орын: 900 доллар (жаттықтырушысы да 900 доллар).

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) әлем чемпионаты:

  • 1-орын: 3500 доллар (жаттықтырушысы да 3500 доллар);
  • 2-орын: 2300 доллар (жаттықтырушысы да 2300 доллар);
  • 3-орын: 1100 доллар (жаттықтырушысы да 1100 доллар).

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату:

  • 5 мың доллар (жаттықтырушысы 3 мың доллар).

Құжат жобасын ашық талқылауға 24 сәуірге дейін уақыт берілген.