Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында университетте қазақ тілін оқыту туралы өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылды. 

Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университке ат басын тіреді.

"Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды. Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды", – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Астана қаншалықты қазақша сөйлейді және қаланы шетел атауларынан тазартуға не кедергі