Әділет министрлігі Нұрсұлтан Назарбаевтың күзде өтетін сайлауға кандидат ретінде қатыса алмайтынын хабарлады. Маусым айында өткен жалпыхалықтық референдум барысында бұл мүмкіндік Конституциядан алынып тасталған. 

Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, референдум барысында ұсынылған және қабылданған шешімдердің арасында тұңғыш президенттің мүмкіндіктерін шектеу шаралары да болды. 

"Қабылданған өзгерістер барысында Қазақстанның тұңғыш президентінің президенттік сайлауға екіден артық рет түсуіне мүмкіндік беретін талап алынып тасталған", – деп еске салды Алма Мұқанова. 


Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын 2022 жылғы күзде өткізуді ұсынды