Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы әкімі қызметінен кетті
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметтен босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл қызметті ол 2021 жылғы 7 қыркүйектен бері атқарып келді.