Нұр-Сұлтанда карантин үшінші рет күшейтілді. Енді жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді
Тамақтану нысандарының жұмыс уақыты қысқарды.Өткен тәулікте елордада 800-ден астам адам коронавирус жұқтырды. Эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағандықтан, карантин тағы күшейтіледі. Сондай-ақ, карантин талаптарының сақталуын қадағалайтын мониторинг тобы тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Мейрамхана, дәмхана және тағы басқа мекемеде іс-шара өтсе, онда ол нысанның жұмысы тоқтайды. Бұдан өзге Ashyq жобасымен жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 22:00-ге дейін, ал аспан астында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 00:00-ге дейін қысқарады.
Сондай-ақ, жексенбі күндері қалада қоғамдық көліктер жүрмейтін болды. Бұл күні автобустар тазаланады.
Ashyq жобасын пайдаланбайтын фитнес-орталықтар жұмысын тоқтатады. Ал керісінше қосымшаны пайдаланатындар тек демалыс күндері жабық болады.
Оқи отырыңыз: Елордада Covid-19 үнділік штамы қосымша зерттеу жасалған науқастардың 56%-ында алдын ала анықталды
Қалада қатаң карантин режимін енгізбеу үшін ұжымдық иммунитет деңгейі 60%-дан асуы тиіс. Қазір вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан астам адам алды. Олардың ішінде:
- медицина қызметкерлері – 90%;
- коммуналдық қызметкерлер – 70%.
Еске салсақ, 1 шілдеде Алматы облысы мен Шымкент қаласында азаматтардың "Дельта" штамын жұқтырғаны белгілі болды. Осы орайда Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері вакцина салдырып, бетперде тағып жүруге кеңес берді.