Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй қабырғасына опера әншісі Ермек Серкебаев бейнеленген мурал салынды, деп хабарлады Egemen Qazaqstan.

Мурал Қараменде Шақаұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің қасбетіне салынған. Биіктігі – 30 метр.

Елордадағы Қараменде Шақаұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің қасбетіне салынған мурал. Фото: Egemen Qazaqstan

Ермек Серкебаев – танымал опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі, ҚазКСР халық әртісі, профессор, қоғам қайраткері және Социалистік Еңбек Ері.

Ол қазақстандық композиторлардың "Біржан мен Сара", "Абай", "Амангелді", "Ер тарғын", "Дударай" сияқты операларында, сонымен бірге "Фауст", "Евгений Онегин", "Пиковая дама" сынды операларда партияларды, сонымен бірге қазақтың халық әндерін және шетел композиторларының шығармаларын орындады. 

Ермек Серкебаев 2013 жылы 16 қарашада өмірден өтті.