Polisia.kz елорда мешітінде намаз оқушы мұсылмандардың сөреге қойған сөмкелерін тінтіп, заттарын ұрлаған 22 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол еңбек мигранты, шетелдік азамат екені анықталған және де оның бір емес, алты ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды.

Ұрланған заттар арасында ұялы телефондар мен ақша болған. Ұрлық мешіттің бейнекамерасына түсіп қалып, таспада оның мешіт сөресіндегі сөмкелердің алып, ішінен заттар ұрлағаны анық бейнеленген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өзбекстандық азамат ұсталып, қамауға алынған. Ол өз кінәсін толық мойындап, одан айғақ ретінде төрт телефон тәркіленген.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Шымкентте мешітте намаз оқушының телефонын қолды қылған ұрлықшы ұсталды