Елорда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа өтті. Бұл эпидемиологиялық жағдай матрицасында көрініс тапқан.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова астана "сары аймаққа" өткен жағдайда енгізілетін шектеу шараларын хабарлаған болатын.

Олар:

  • жанасу мүмкіндігі жоғары жұмыс орындарын қашықтан істеуге жіберу;
  • вакцинацияға қарсы түбегейлі қарсы медициналық көрсетілімі бар адамдарды қашықтан жұмыс форматына өткізу.

"Сары аймаққа" өтіп жатсақ, маска тағу талабы бүкіл ғимараттарға ұсынылады. Кинотеатрлар мен кинозалдарға, бұқаралық шаралаға, концерттерге маска тағып баруға кеңес беріледі. Қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағуға кеңес беретін боламыз. Сондай-ақ, 10-нан артық адам қатысатын жиындарды онлайн режимде өткізуге кеңес беріледі", – деген болатын Сархат Бейсенова.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар тәулігіне 4 мыңға жетуі мүмкін