Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII cъезі 1 наурызда өтеді
Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.Бүгін Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
"Съезге бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды. Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады", – деп жазды Асхат Оралов.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды
- Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамы жаңарды