Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамы жаңарды
Саяси кеңестің жаңа құрамында Дариға Назарбаева жоқ.Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді.
"Партияның жоғары өкілді органы 55%-ға жаңарды. Әйелдердің үлесі 33,7%-ға дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі – алты есеге артты. Кеңес мүшелерінің орташа жас мөлшері төрт жылға төмендеп, 47 жасты құрады. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды. Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектор өкілдері айтарлықтай артты", – делінген партия баспасөз қызметінің хабарламасында.
Loading...
Съезде партия жарнасының мөлшеріне қатысты өзгеріс енгізілді.
"Осы уақытқа дейін партиялық жарна жалақының ең төменгі мөлшеріне байланыстырылып, ең төменгі жалақының 0,7% немесе жылына 3 570 теңгені құрады. Мемлекет басшысының шешімімен қаңтардан бастап барлық мемлекеттік төлемді ең төменгі жалақыға байланыстыру алынып тасталды. Съезд делегаттары партиялық жарнаны айлық есептік көрсеткішке байланыстыра отырып есептеу туралы шешім қабылдады. Бұл АЕК-нің 0,1 бөлігін, яғни жылына 3 676 теңгені құрайды", – деп хабарлады Nur Otan партиясының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Тоқаев өзінің "Нұр Отанға" төрағалық етуінің орындылығы туралы мәселеге оралу керектігін мәлімдеді.