Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан республикасының астанасы – Нүкіс қаласында диаметрі 40,5 метр, биіктігі – 22 метр киіз үй ең үлкен киіз үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлады UzA ақпарат агенттігі. 

Гиннесс рекордтар кітабына енген киіз үй. Фото: Мақсат Хабибуллаев, UzA

Әлемдегі ең үлкен киіз үй Нүкіс қаласындағы "Аққұс" кешенінде бой көтерген. Бұл кешенде қарақалпақ, қазақ, түркімен, қырғыз, башқұрт сынды түркі халықтарының киіз үйлері орналасқан. 

Қарақалпақ ұлттық киіз үйінің Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификат кешен басшылығына салтанатты түрде табыс етілді. Іс-шараға министрліктер, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ардагерлер, студенттер, жұртшылық қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан.

Сертификатты табыстау рәсімі. Фото: Мақсат Хабибуллаев, UzA

Оқи отырыңыз: Құнын жоғалтпаған қазақтың киіз үйі шетелде де сұранысқа ие