Новосібірдің бұрынғы вице-губернаторы Әлихан Бөкейхан туралы кітап жазды
2 қараша күні Алматыда кітаптың тұсаукесері өтеді.Бұрын Новосібірде вице-губернатор болған Виктор Козодой Әлихан Бөкейхан туралы кітап жазып шығарды. Бұл туралы Олжас Беркінбаев желідегі парақшасында мәлімдеді.
"2012-2014 жылдары Новосібір облысының вице-губернаторы лауазымын атқарған және жергілікті тарих институтының директоры болған, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодой Әлихан Бөкейханның өміріне арналған су жаңа еңбектің авторы атанды. Аталған еңбек архивтік ізденістер мен мол мұрағаттық еңбектердің пайдалануымен жазылған", – делінген жазбада.
Әлихан Бөкейхан туралы еңбектің тұсаукесері 27 қазан күні – Семей (Бөкейхан университетінде), 28 қазан – Павлодар (Торайғыров университетінде), 29 қазан күні – елорда (ЕНУ-да), 1 қараша – Қарағанды (ҚарГУ-да), 2 қарашада – Алматы шаһарында (Тарих және этнология институтында) өтеді.