Әлеуметтік желіде "Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасылардың кредиттерін өтеу туралы жарлыққа қол қойды" деген видео тарауына байланысты 31 арна түсініктеме берді. Видео 2019 жылы 26 маусымда эфирге шыққан және қазіргі уақытқа еш қатысы жоқ.

"31 арнаның "Информбюро" жаңалықтарында 2019 жылы 26 маусымда эфирге шыққан материал биыл жаңадан жарияланғандай әлеуметтік желіде тарап жатыр. Үш жыл бұрығы материал президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың несиені кешіруге қатысты жарлығы туралы еді. Үш жыл бұрынғы ол жарлықтың қазіргі жағдайға, қазіргі несиелерге еш қатысы жоқ", – делінген 31 арнаның хабарламасында.

2019 жылы маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қарызын кешіру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Оған сәйкес, 500 мың қазақстандық азаматтың тұтынушылық қарызы толықтай не ішінара кешірілді. Мұндай жеңілдікке 2019 жылғы 1 маусымға дейін алынған кепілсіз несиелер енген болатын. Сәйкесінше, сюжетте айтылған ақпарат бүгінде ескіріп, өзектілігін жойған.