Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды
Өкілеттікті беру партия жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы қажеттігін атап өтті. Өкілеттікті беру партия жарғысына сәйкес жүзеге асырылады", – деп жазды Айдос Үкібай.