Наурызда қазақ тілінен тегін онлайн курстар басталады. Оған кімдер қатыса алады
"Отандастар" қоры 2025 жылдың наурызда қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легі басталатынын хабарлады. Бұл курс қатысушылардың мәдени және тілдік деңгейін арттыруына көмектеседі.
Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын ҚР азаматы болуы шарт;
- Жас ерекшелігі маңызды емес;
- Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;
- Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы.
Қолданылатын негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.
Онлайн қазақ тілі курсы ағылшынтілді және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі. Курсты аяқтаған соң қатысушылар міндетті түрде емтихан тапсырады және оны сәтті тапсырған жағдайда арнайы сертификат алады.
Оқи отырыңыз: Қазақ тілін білу сәнге айналды – Тоқаев