Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды" делінген Мемлекет басшысы жарлығының мәтінінде.