Астана әкімдігінің мәліметінше, пилоттық жоба аясында биыл елордалық үш колледжде алғаш рет 10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді.

Құрылыс-техникалық колледжінде "жылжымайтын мүлікті басқару", Сервис және туризм колледжінде "ландшафты дизайн" және "флористика" бағыттары бойынша жаңа мамандықтар ашылды.

"Қаланың еңбек нарығында алдағы 3-5 жылда сауда, құрылыс және білім беру саласындағы мамандықтар сұранысқа ие болып қала береді, сонымен қоса туристік сәулетші, автомобиль дизайнері және жөндеуші, электр және гибридті автомобильдерге қызмет көрсету маманы, виртуальный мерчендайзер сияқты мамандар пайда бола бастайды деп болжанып отыр", – делінген ақпаратта. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 300-ден астам колледж мемлекеттік аттестаттаудан өте алмады. 


Пилоттық жоба аясында биыл елордалық үш колледжде алғаш рет 10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. 1,5 жылдан кейін оқушылар орта білім туралы аттестатпен бірге, тігінші, аспаз, авто-газ дәнекерлеуші мамандығы бойынша диплом алып шығады.