Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды
Ол бапкерлер штабымен жұмысқа жауап береді.Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы федрациясының сайтындағы ақпараттан белгілі болды. Ол бапкерлер штабымен жұмысқа жауапты болады.
Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері.
Еске салайық, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ал Кеңес Рақышев федерацияның құрметті президенті атанды.
Оқи отырыңыз: Кеңес Рақышев ҚР бокс федерациясында қызмет етуді жалғастырады