Моңғолияның төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комиссиясының хатшысы Тувшинсайханы Баярхуу биылғы қысқы жұтта ел 3,9 миллион бас малдан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Синхуа агенттігі.

Оның айтуынша, малдың қырылуына жұт себеп болған.

Моңғолияның Сауда, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, 2023 жыл соңында елдегі мал саны 9,1 пайызға кеміп, 64,7 млн басты құраған.

"Қазіргі таңда мал шаруашылығы Моңғолия экономикасының негізгі салаларының бірі. Ол ел халқының қырық пайызының табыс көзі болып саналады", – делінген басылымның хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Жұт, аштық және Ақтабан шұбырынды. Қазақ неге қоян жылынан қорқады?