Qazaqstan және Qazsport телеарналары XXV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Олимпиада кезінде Корпорацияның арнайы түсірілім топтары дүбірлі додадан эксклюзивті хабар таратады. Сонымен қатар Qazaqstan мен Qazsport арналарынан күн сайын "Олимпиада күнделігі", Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде "Милан – Кортина 2026" студиялық бағдарламасы көрерменге жол тартады", – делінген министрліктің хабарламасында. 

Еске салайық, Олимпиадада 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі кезде Қазақстан үш спорт түрі – шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық квоталардың иегері атанды. Қысқы Олимпиадалар тарихында тұңғыш рет жарыстарды ресми түрде қос қала қабылдайды. Италия төрінде 100-ге жуық елдің 3000 спортшысы өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. 

Ойындардың ашылу салтанаты 6 ақпан күні өтеді. Олимпиаданың ашылуы мен өзге де сайыстары Qazaqstan, Qazsport, "Хабар" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Информбюроның Қазақстан құрамасының Милан-Кортина қысқы Олимпиадасына дайындығы туралы материалын осы жерден оқуға болады.