Қазақстан құрамасы 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына тағы 4 жолдама иеленді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.

Биатлоннан 2025–2026 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасына 4 олимпиадалық квота берілді. Осылайша, Милан–Кортина ойындарында еліміздің атынан 2 ер және 2 әйел спортшы сынға түседі.

Айта кету керек, бұл жолдамалар нақты спортшыларға емес, Ұлттық федерацияның еншісіне берілген. Олимпиадаға кімдердің баратынын алдағы уақытта Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі ресми түрде жариялайды.

Қазіргі таңда Қазақстан келесі спорт түрлері бойынша Олимпиада лицензияларына ие:

  • Конькимен жүгіру спорты (12 лицензия)
    Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко
  • Шорт-трек (9 лицензия)
    Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан
  • Мәнерлеп сырғанау (2 лицензия)
    Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина

Олимпиадалық лицензияларға қатысты қорытынды ақпарат қаңтар айының соңында белгілі болады.

Еске сала кетейік, XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.