Мемлекеттік кіріс департаменті мүлік салығы бойынша борышкерлерге қандай қауіп төнетінін еске салды
Астанада азаматтардың көлік және мүлік салығы бойынша қарызы 2 миллиард теңгеден асты.Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығы бойынша борышкерлерге қандай қауіп төнетінін айтты.
"Мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салық ұйғарымдары жолданады. Сот орындаушыларының борышкерлерге қатысты қолданатын шараларының қатарында мүлікті және банк шоттарына тыйым салу, шетелге шығуды шектеу бар. Бұл ретте сот шығындары 25 пайызға дейін ұсталады. Әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл салынады», – деп жазылған хабарламада.
Астанада осындай 61 619 борышкер бар. Олар көлік салығы бойынша 1,883 миллиард теңге, мүлік салығы бойынша 417 миллион теңге қарыз болған. Қаланың Алматы ауданының тұрғындары «рекордшыларға» айналды: олардың қарызы 904 миллион теңгеден асты.
Оқи отырыңыз: Сенімхатпен сатылған көліктің салығын кім төлейді? Көлік салығына қатысты 8 маңызды сұраққа жауап