Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
Президент әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Сапар барысында президент өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорынын аралап көреді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады", – делінген хабарламада.