Қасым-Жомарт Тоқаев рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аударды. Бұл туралы мемлекет басшысы премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерімен өткізген кеңесінде айтты.

"Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз:


Мемлекет басшысы әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.