Медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жыл сайын 20% артады
ДСМ 2023 жылы резидентура гранттарының санын 2 500-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің дерегінше, 2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4 700 білім беру гранты бөлінген. Оның 1 500-і резидентураға арналса, биыл грант санын 2 500-ге дейін өсіру көзделген.
Сондай-ақ, медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жыл сайын 15 және 20 пайыз артады.
"2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады", – дейді ДСМ ҒАРД директоры Дәулет Алдыңғұров.
Оның айтуынша, президент пен Amanat партиясының тапсырмасы бойынша шәкіртақы айтарлықтай артқан. Мысалы, бакалавриат үшін ол 2 есеге жуық, интерндерде 25%-ға, резиденттерде, магистранттарда, докторанттарда 2021 жылы 15%-ға өсті.
Оқи отырыңыз:
- Студенттер шәкіртақысы 2030 жылға дейін 4 есе артады
- Студент, магистрант, докторанттардың шәкіртақысы қаншаға артты?