10-20 шілде аралығында елдің 43 университетінің өкілі Маңғыстау облысындағы талапкерлерге қажет ақпарат берумен айналысады. Осы мақсатта арнайы кеңес беру пунктері ашылады, деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.

"Талапкерлерімізге үлкен мүмкіндік туып отыр. Басымдық педагогикалық және техникалық мамандықтарға беріледі. Бұған дейін де облыста мұғалімдердің тапшы екені туралы айтылды. Осы бөлінген грант арқылы кадр жетіспеушілігі мәселесін реттеуді көздеп отырмыз", – деді Гүлмира Мамаева. 

Басқарма басшысы келер оқу жылына жергілікті бюджет есебінен 175 гранттың бакалавр мамандықтарына бөлінгенін айтты. Негізінен медицина, өнер және ауыл шаруашылығы салаларына. 


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Түркістан облысында 5 жылдан астам уақыт аттестация өткізілмеген мектептер бар


"Тамыздағы конкурс кезінде грант иегерлері анықталады. Конкурс туралы ақпарат шілде айының екінші жартысында білім басқармасының интернет ресурсында жарияланады", – деп қосты білім басқармасының өкілі. 

Бұған дейін Маңғыстау түлектеріне арнап 6 мың грант бөлінген еді.