Медеудегі өртті сөндіру кезінде көз жұмған Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы ьөтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды (марқұм)", – делінген хабарламада.