Food Solutions KZ ЖШС мейрамханаларының McDonald’s брендімен жұмыс істеуін тоқтатуына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Бұған себеп ет өнімдерін жеткізудегі шектеулер себеп болған.

"Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланады. Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар қолданыстағы жоғары стандарттарға, құндылықтарға және бизнес принциптеріне сәйкес жұмысын жалғастырады", – делінген ресми мәлімдемеде.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған Украина мен Беларусьтегі жағдайдың еш қатысы жоқ. Нақты себеп жеткізілім шектеулерімен байланысты.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы McDonald’s мейрамханаларының бәрі жұмысын уақытша тоқтатты