Парламент мәжілісі денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер аясында темекі өнімдерін тұтынуды шектеу стандарттарын қабылдады.

Қабылданған заң вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салады. Оларды саудалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі:

  • сату үшін ең жоғары айыппұл – 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
  • қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Оқи отырыңыз: Темекі түтінінсіз болашақ: Оған 2030 жылға қарай қол жеткізу қаншалықты мүмкін?


Сонымен қатар, заң медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды міндетті түрде қолдануды алып тастайды. Медициналық қызмет көрсетушілер пациенттің жеке ерекшеліктеріне байланысты емдеудің ең жақсы нұсқаларын таңдай алады.

Заң Сенаттың қарауына жіберілді.