Маңғыстауда тұмау маусымы басталғалы бір короновирус жағдайы анықталды
Тұмау ауруларының эпидемиологиялық маусымы 2023 жылдың 1 қазанынан басталды.Маңғыстау облысында осы аралықта бір короновирус жағдайы анықталған. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.
"Тұмау емес инфекцияларға полимеразды тізбек әдісімен 102 адам тексеріліп, 39 жағдай оң нәтиже берді. Оның ішінде аденовирус – 9, РС – 15, парагрипп 3 – 1, парагрипп 4 – 1, риновирус – 11, короновирус – 1 және метапневмовирустыфң 1 жағдайы анықталды", – деді Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.
Эпидемиологиялық маусымда тұмау ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс тұрғындарының 10 пайызын егу жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Коронавирус әлемнің жүзден астам елінде қайта ушықты