Маңғыстау облысында референдум өткен күні өмір есігін ашқан ұл балаға ата-анасы Атазаң есімін берді. Бұл туралы otpannews.kz жазды.
Нәрестенің салмағы – 4130 грамм, бойы – 57 сантиметр. Дәрігерлердің мәліметінше, анасы мен сәбидің жағдайы жақсы.
Фото: otpannews.kz
Отбасы үшін бұл оқиға айрықша мәнге ие болған. Ата-анасының айтуынша, перзентінің ел үшін маңызды күнде дүниеге келуі – үлкен қуаныш әрі символдық мағынаға ие.
Перзентхана ұжымы көпбалалы отбасын құттықтап, сәбиге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақытты балалық шақ тіледі.
Айта кетейік, Атазаң – ата-анасының тоғызыншы перзенті.