Маңғыстау облысының Жетібай, Мұнайшы ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептердің ІІ кезеңі оқушылары қашықтықтан оқыту режиміне ауыстырылды, деп хабарлады otpannews.kz Маңғыстау облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, өңірдегі қалған аудан, қаланың мектептері офлайн режимде оқуды жалғастырып жатыр.

Еске салайық, Маңғыстау облысында соққан дауыл соғып, жел екпіні секундына 20 метрден асты. Ақтау қаласында желдің қатты екпіні 1 шағын аудандағы "Дружба" МҮ-нің жаңа аялдамасын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер бар. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ, Ақтауда бірқатар шағын аудандарда тұрғындар үйлерінде электр қуатының ажырағанын айтты. Тіпті біраз адам лифтіде қалып қойған. "МАЭК" мекемесінің мәліметінше, қатты соққан дауылдың салдарынан кәсіпорында ақау шыққан. 


Оқи отырыңыз: Ветер снёс остановку в Актау: пострадал один человек