Мамыр бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

"Көп күн бойы жоғары температуралық фон сақталады деп күтілуде: республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова. 

Қазгидромет мәліметінге, суық толқындарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде -5 градусқа дейін, күндіз +15°C дейін; батыста және ҚР оңтүстік бөлігінде - түнде +5 градусқа дейін, күндіз +26°C дейін. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар мамырда 11 күн демалады


"Мамыр айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері еліміздің батысында, оңтүстік, орталық өңірлерінде шамадан тыс көп болады деп болжануда", – деді Қазгидрометтің баспасөз хатшысы.