Малайзия жағалауына адам сүйектері қалқып шығып жатыр
Малайзия жағалауына адам сүйектері қалқып шығып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Құтқарушылар бүгінге дейін 11 тұрғынның өлі денесін судан алып шыққан. Сөйтсе, Мьянмадан Малайзияға бет алған үш қайық апатқа түскен екен. Су көлігінің әрқайсысында 100 адамнан, жалпы 300 босқын отырыпты. Олар қыспаққа ұшырап, елден қашпақ болған. Алайда, жол бойында қайықтар аударылып кеткен.
Әзірге 13 адамның ғана тірі табылғаны белгілі. Қалған 200-ден астамы іс-түссіз жоғалғандардың қатарында.
Айта кетейік, негізінен мұсылман "рохинджа" халқы Мьянмадан үнемі Малайзияға қашып келеді. Өйткені, сол елде буддизм діні кең таралғандықтан, оларға қысым көрсетілетін көрінеді.