Макрон: 2024 жылы Қазақ-француз университеті өз жұмысын бастайды
Франция президенті түрлі саладағы екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.Франция президенті Эмманюэль Макрон екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімнің қабылданғанына 15 жыл толғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда. Сонымен қатар, ол Францияның ортақ мүддені көздейтін түрлі саладағы екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
"Екіжақты экономикалық қарым-қатынастар, соның ішінде ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергетика салаларындағы байланыстар алдағы уақытта тың серпінмен дамиды деп ойлаймын. Біз бұрынғы жобаларға да, жаңа бастамаларға да инвестиция салуды қолдаймыз. Бүгін өте өзекті мәселелерді талқыладық. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыз да қарқынды дамып келеді. Білім және ғылым салаларында нақты келісім бар. 2024 жылдың қыркүйек айында Қазақ-француз университеті өз жұмысын бастайды", – деді Эмманюэль Макрон.
Сондай-ақ, екі ел басшысы өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге қатысты тұрақты қарым-қатынастың маңыздылығына назар аударып, халықаралық ұйымдар аясындағы диалогты тереңдету қажет екенін атап өтті.