Майқайыңдағы апат: 7 айдан соң құтқарушылардың автобусы табылды
Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздеу жұмыстары қайта басталды."Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Павлодар облыстық әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, кеше кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды.
Ауа райының қолайсыздығына (жаңбыр мен жел) және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр.
"Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болды, бампері мен доңғалағы ғана көрінді", – делінген хабарламада.
55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.