Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініштер бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынды. 

Оған сәйкес, өтініш иелерінің басым бөлігі (2720 адам) педагогикалық ғылымдарды таңдаған. Екінші орында Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (2415 адам) тұрса, үшінші қатарға Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (811 адам) жайғасты.

Иллюстрация: Ұлттық тестілеу орталығы

"15 қараша кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде жарияланды", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.