Жуырда аты аңызға айналған Мәншүк Мәметова туралы сериал түсіру жұмыстары басталады, деп хабарлады продюсер, актриса Баян Алагөзова. 

Продюсердің жазуынша, Мәншүк Мәметованы жас актриса Зухра Сайпи сомдайды. Сериалдың режиссері – Асқар Ұзабаев.

"Бәрі ойдағыдай болып, Мәншүктің аты аңызға айналған ерлігі ғасырлар бойы сақталады деп сенемін! Көп жылғы достық пен сенім үшін "Хабар" агенттігіне алғыс айтқым келеді", – деп жазды Баян Алагөзова.

Мәншүк Мәметова – Кеңес одағының батыры атағына ие болған пулеметші.


Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы тарихын жақсы білесіз бе? Тест