Мадагаскарда әскери төңкеріс болып, президент елден қашып кетті. Халқын тастап, биліктен безген мемлекет басшысына импичмент жарияланды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Енді президенттің міндетін сол көтеріліске жетекшілік еткен шенді Майкл РандриАнирина атқаратын болды. Яғни, полковник шенін таққан әскери - елді екі жыл бойы басқарады деген сөз. 

Мадагаскардағы наразылық осыдан үш апта бұрын басталған еді. Алаңға шыққан жастар әу баста су мен жарық мәселесін ғана көтерген. Көп ұзамай биліктегі жемқорлықты баса айтып, кедейлікпен күресу керектігін талап етті. Шеру барысында полициямен қақтығысқа түскен 22 адам қайтыс болды. Жарақат алғандардың саны 100-ден асады. 

Ереуіл үдеген тұста қарапайым халық жағына әскерилер өтті. Елдің қарулы күштеріне жататын CAPSAT атты элиталық бөлімше лезде билікті басып алып, барлық мемлекеттік институттарды таратып жіберді. Тек, президенттің кетуіне дауыс берген парламенттің төменгі палатасын ғана қалдырды. 

Енді келесі президент сайлауына дейін билік толығымен полковниктің қолында болады.