"Лило және Стич" фильмі қазақша сөйлейді
Алматыда Disney студиясының "Лило мен Стич" фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті. Көрсетілімге тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері мен депутаттар, дубляж актерлары мен журналистер, блогерлер қатысты.
"Лило мен Стич" – өмірлік құндылықтарды насихаттап, мейірім мен шартсыз махаббатқа үндейтін нағыз отбасылық фильм. Диснейдің күлкі мен эмоцияға толы бұл туындысы қазақ тіліне аударылып, дубляждалды. Дубляжға әдеттегідей кәсіби білікті мамандар тартылды. Фильм сюжеті баланы да, ересекті де бей-жай қалдырмайды.
"Дубляж режиссері боласың дегенде қуандым. Лило мен Стич" – Disney студиясының классикаға айналған керемет туындысы. Стич болса сүйікті кейіпкелерімнің бірі. Оның дауысы ерекше, сондықтан дыбыстағанда дауысымды өзгертуім керек болды. Екі сөз айтқаннан кейін етігіп демалып аламын, өйткені біз олай сөйлемейміз. Оны дыбыстау қиынға соқты. Стич бұзып қирататын кейіпкер болғанмен, аралға кадамдар арасына келгенде адамгершілік қасиеттері пайда болады. Бұл кейіпкер көрермендердің жүрегінен ойып тұрып орын алатынына сенемін", – деді фильмнің қазақ және орыс тіліндегі дубляж режиссері, Стичті дыбыстаған Шах-Мұрат Ордабаев.
"Ең алғашқы кәсіби тұрғыда дубляжым болған соң уайымдадым. Ұсыныс түскенде қатты қуанып, анама хабарластым. Жанашырлық танытып жақындарына барын беретін Нани маған ұқсайды. Ал Стич болса үш жасар балам секілді. Нани Стичтің соңынан жүгіргендей мен де баламның соңынан жүгіремін", – деді Айжұлдыз Адайбекова.
Лилоны жас актриса Айзере Беркінбай, өзгеғаламшарлықтарды теле-радио жүргізуші Қазбек Қасым мен стендап-әзілкеш Руслан Тай дыбыстады.
"Қазақ тілі" қоғамының ұйытқы болуымен ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы 2024 жылы биыл "Ойжұмбақ 2", "Моана 2", "Муфаса. Арыстан патша", биыл "Ақшақар" деп аталатын фильмдерін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. Қазақ тілінің ірі халықаралық студиялар өз қаражатымен қолдайтын тілдердің қатарына қосылуы – тіліміздің дамуы үшін өте маңызды оқиға.