Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды
Ол – "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы.Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды" делінген Ақорда сайты таратқан хабарламада.
Ләззат Қалтаева 2016 жылы Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды. "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығын және Алматы қаласы мүгедектер ұйымдарының қауыдастығын басқарады.