Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарға 2023 жылға арналған квота санын арттыруды, ал қоныс аударушыларға арналған квота санын азайтуды көздеп отыр. Бұған себеп – жергілікті атқарушы органдардың сұранысы. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған еңбек министрінің бұйрық жобасынан белгілі болды.

Атап айтқанда:

  • Қандастарға арналған квота саны 1925-тен 2287-ге артады;
  • Қоныс аударушыларға арналған квота саны 6727-ден 6592-ге азаяды.

Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі – 15 қыркүйекке дейін.


Оқи отырыңыз: Жаңа жүйе іске қосылды: Қандас мәртебесі мен "Ата жолы" картасы қызметін көрсетеді