Курчатов қаласы толығымен Абай облысының құрамына беріледі
Бұрын ол Павлодар облысының шекарасында болған.Павлодар облыстық мәслихаты Курчатов қаласын Абай облысының құрамына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
"Қаланың жалпы ауданы 11 гектарды құрайды. Курчатовтан түсетін салықтар облыстық бюджетке түспейді, қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар мен Абай облыстарының шекарасын айқындайды", – деді Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов.
Айта кетейік, Абай облысы құрылғанға дейін Курчатов қаласы Шығыс Қазақстан облысына қараған, бірақ Павлодар облысының шекарасында болған.