Бірқатар жарылыс салдарынан 46 адам қаза тапқан Костенко атындағы шахтада жұмыс әзірге қайта жанданбайды. Бұл туралы Qarmet кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.

Qarmet басшылығы мен қызметкерлері ағымдағы жағдаймен танысу үшін апат орнына жақын жерде 600 метрден астам тереңдіктегі шахтаға түсті.

"Шахта директоры Андрей Бойко оқиға орнында жүргізілген тексерулердің нәтижелері, оқиғаның себеп-салдарын жою бойынша жоспарланған жұмыстар және көмір өндіруді қалпына келтіру  туралы баяндады. Андрей Лаврентьев пен Вадим Басин басқаратын Qarmet компаниясының басшылығы жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстарға ризашылығын білдірді, бірақ қайғылы оқиғаның қайталануының ықтимал факторлары жойылмайынша, шахтадағы өндірісті қалпына келтіруге тыйым салды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Костенко шахтасынан 46-шы кеншінің денесі табылды: іздеу жұмыстары аяқталды