Коронавирус әлемнің жүзден астам елінде қайта ушықты
Қазақстанда соңғы тәулікте мыңнан астам адамда індет белгілері анықталды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемнің 110 елінде коронавирус қайта ушығып тұр. Әсіресе, Азия, Латын Америкасы мен Таяу Шығыс елдерінде дерт дендей түскен. Сол себепті, бірқатар елдер қатаң локдаун шараларын енгізіп үлгерді.
ДДСҰ өкілдері жаппай маска тағып, екпе алуды күшейтуге шақырып отыр. Олардың айтуынша, індет көптеген елдің санитарлық шектеулерді алып тастауынан күшейген.
Қазақстанда соңғы тәулікте 1 104 адамда коронавирус белгілері анықталды. Оның ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтанда сәйкесінше 350 және 328 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі.
Жалпы, пандемия басталғалы бері Қазақстанда 1 312 294 адам коронавирус жұқтырған.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда Pfizer екінші екпесін қайдан алуға болады?
- Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті